Жамбылдық полицейлер ірі алаяқтық дерегін ашты. Бұл туралы Жамбыл облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялады.

 

Полиция қызметкерлері азаматтың сеніміне кіріп, одан ірі көлемде ақша алғаны үшін Байзақ ауданының 24 жастағы тұрғынын ұстады.

Мәселен, алдын ала тергеу барысында қаскүнемнің құрбаны Тараз қаласының 31 жастағы тұрғыны екені анықталды. Ол алаяққа қолында жоқ балаларды емдеуге жалпы сомасы 2,5 миллион теңгеден астам ақша қаражатын аударған.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Алаяқтың құрбаны болған басқа адамдарды анықтау үшін бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?