Ұсыныстар діни қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру барысында қаралатын болды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

Заңгер-кеңесші Сардар Әбдіжақия, дін саласындағ кейбір кемшіліктермен заңдарда толықтыруларды талап ететін өзекті мәселелердің бірі ҚР Парламент мәжілісі депутаттарына жолдаған болатын.  Аталған ұсыныс, ҚР  мәдениет және ақпарат министрлігінде аталған мәселе қаралып, қаралып, аталған мәселе бойынша діни қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру барысында қаралатын туралы төмендегі ресми жауап жолданды:

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 3-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген. Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді.

Сонымен қатар, Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тек қана ғибадат үйлерінде (ғимараттарында), діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда таратуға жол беріледі.

Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әзірлеуге, шығаруға және таратуға дінтану сараптамасының оң қорытындысы алынғаннан кейін жол берілетіндігін назарыңызға саламыз.

Бұнымен қоса, Заңының 4-бабының 6) тармақшасына сәйкес Министрліктің Дін істері комитеті дiнтану сараптамасын жүргізуді қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 490-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға белгіленген талаптарды бұзуға қатысты әкімшілік жауаптылық қарастырылғандығын атап өтеміз.

Осыған орай, сіздің хатыңызда  көрсетілген ұсыныстар діни қызмет саласындағы заңнаманы жетілдіру барысында қаралатын болады.

Бұл ретте, сіздің белсенді азаматтық ұстанымыңыз және де еліміздегі жастардың тағдырына алаңдаушылық білдіргеніңіз үшін алғыс айтамыз- деп жауап жазды төраға Ә. Хатиев.

 

Жолданған ұсыныспен көтерілген мәселенің толық мәтіні төменде жарияланды:

 

Ұ С Ы Н Ы С

Құрметті Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің  депутаттары!

     Қазіргі таңда шұғыл түрде шешу керек болған аса маңызды мәселеге назарларыңызды аударғым келеді.

Қазіргі таңда нәзік мәселелердің бірі дін мәселесі екені баршаңызға белгілі. Діни ағымдармен экстремизм және терроризмге байланысты  кітаптармен түрлі ақпараттарға қатысты бақылауды күшейту мақсатында, діни кітаптарға діни басқармасының таңбасы болу керек екені ескертілді, айтылды, рұқсат етілген кітаптар таңбаланды.

          Алайда қазіргі жастар кітап оқымайды десем қате болмас. Ақпарат ғасырында көптеген адамдар, оның ішінде  жастардың басын бөлігі, түрлі әлеуметтік желілерді қолданады. Ал әлеуметтік желілерде (tiktok, Instagram, Vkontact) желілерін пайдаланып ол әлеуметтік желілерде түрлі таралып жатқан ақпараттарды көріп, оны бір- бірлері мен бөліседі. Ал діни ақпараттарда ғаламторды жаулап тұр. Оның ішінде қайсы діни ақпарат, уағыздарды қоспағанда оқылып жатқан құрандар, құран сынды өлеңдер, түрлі үнжазбалар, нақтылағанда  арап тілінде жазылған жазбалар жарияланып жатады. Алайда ол  арабша жазбалармен үнжазбалар, қандай мағына беретіні бізге де, оны көріп таратқан жастарға да белгісіз. Дұрыс оқылып жатқан үнжазбадағы құран болғаны мен ол үнжазбаның арабша құраннан басталған үнжазбалардың кейбіреулері түрлі оқылады, бір-бірлеріне ұқсамайды. Ол шынын оқылып жатқан құранба әлде құраннан басталып, қандайда экстремизммен терроризмге шақыру, әндеттіп үгіттеуме бізге белгісіз. Олардың жариялаған үнжазбалармен бейнежазбаларының үстіне жазылып қойылған арабша  жазулары не мағына беріп, қандай мақсатта, қандай сөздер жазылғаны беймәлім. Себебі барлық адамдар араб тілін толық білмейді. Жасалынған әдемі бейнежазбаны бөлісіп жатады. Алайда ол жазулар, басқа теріс ағымдардың бұрыс бағытқа үндеп жатқан болуы да мүмкін екенін елемейтін адамдармен жастар басым.

Сондықтан әр-бір жарияланған бейнежазбалармен үн жазбаларға біздің Қазақстан Республикасының діни басқармасы тарапынан қойылатын таңбалар міндеттелуі немесе, әлеуметтік желідегі үнжазбалармен бейнежазбалар сарапталып егжей-тегжей зерделеніп,  дұрыс бағытта екенін көрсететін арнайы таңбалауды міндеттеуді қолға алуларыңызды сұранамын.

Өздеріңізге белгілі қазіргі ақпарат ғасырында теріс ағымдағы діни ақпараттарды таратқан, пайдаланған оны өзінде сақтаған адамдарға, заң өте қатал жаза қолданылатыны белігілі.

Бүгінгі таңда адамдар және жастарымыз арасында, дәл осындай діни ақпараттарды сақтау, тарату бойынша, заңмен тыйым салынған ақпараттардың құрбанына айналып, олар ҚР ҚК-нің 256-бабы яғни  терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру бойынша;

  1. Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру, сол сияқты көрсетілген мазмұндағы материалдарды тарату мақсатында дайындау, сақтау немесе тарату –
  2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып не қоғамдық бiрлестiк лидері жасаған не масс-медиа, телекоммуникация желілері немесе онлайн-платформалар пайдаланыла отырып жасалған не адамдар тобы немесе алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, оның ішінде шетелдік көздерден алынған қаражат пайдаланыла отырып жасалған дәл сол іс-әрекеттер –бойынша айып арқалап, түрмеге тоғытылып жатқанындары бар.

Алайда оны білмеген жастар, байқаусызда бөлісіп қойып, оған лүпіл басып, оны көріп, немесе тыңдағанын құзырлы орган байқаған жағдайда, ол адам сотталып жататыны ақиқат. Ондай жағдайларға кездесіп, сотты болып датқан жастарымызда жоқ емес.

Менің ұсынатыным, аталған әр діни бейнежазбалармен үнжазбаларға арнайы рұқсат етілген, ҚР діни басқармасының таңбасы міндеттелуі шарт екені алдын ала ескертілсе, ескертулер өз дәрежесінде жүргізіліп болған соң ғана жарияланатын, және әлеуметтік желілерде таратылатын ақпараттарды қылмыстық жауапқа  тарту дұрыс деп санаймын.

Алайда, жастардың білмей таратып,  рұқсат етілмеген ақпараттарды таратқан адамдармен жастарды соттау, оларды қылмыскер етіп түрмеге тоғыту заңсыз әрі әділетсіз шешім деп санаймын. Осы орайда ғаламторда отырып, түрлі әлеуметтік желілерін пайдаланушы адамдар мен жастарды, діні ақпараттарды  көрерде, аталған бейне және үнжазбаларды өзінде сақтауда, оны таратуда алдын ала қандай ақпараттарды тарату керек екенін, арнайы сертификатталған және таңбаланған діни ақпараттарды ғана тарату керек екенін ескерту жұмыстары қолға алынуы туралы өз ұсынысымды, ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының аталған мәселеге ерекше назар аударып, Парламант төрінде бұл мәселе талқыланып,  алдын ала ескертулер жасалуын қолға алуларыңызды, аталған мәселеге ерекше назар аударуларыңызды сұранамын.

Астана қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *