Facebook парақшасындағы жарияланымын жою үшін 100 000 теңге талап еткен.
Блогер- арнайы блогқа тіркеліп, блогты жүргізетін жеке тұлғалар болып саналады.
Журналист- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен арнайы күәлік алып, таратылатын ақпарат құралының атауы, бағыты, аумағы анықталған соң ақпарат құралдары атынан (телерадио, журнал, газет, желілік басылым т,б,) өзінің кәсіби жұмысын жүргізеді.
Журналист деген атты алу үшінде, адамда сауат, ақыл, адалдық және үлкен патриоттық сезім керек! Себебі журналистер халықпен биліктің арасындағы алтын көпір!
Алайда бұл суреттегі Сайрам ауданының екі блогері (журналисті) Ағайбек Датқаев және Ершат Ескендировтар бүгінгі таңда, ақша «бопсалаумен айналысып», Түркістан Облысының Полиция Департаменті тарапынан қолға алынды. Атап айтқанда Ағайбек Датқаев және Е» есімді белсенді блогерлер аудандағы бір мектеп директорыршат Ескадиров, Facebook әлеуметтік желісінде іскерлік беделдігіне нұқсан келтіретін жарияланымын жою үшін 100 000 теңге талап еткен.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілер 2 айға қамауға алынды.
Енді ақпарат саласының қызметін ақша бопсалау деп түсінген болса, бұл екі ер азамат үлкен қателікке бой алдырды. Себебі ақпарат саласы оңай жұмыс емес, әрі ақша бопсалайтын қызмет түріне де жатпайды!
«Айна Оңтүстік» атты өз мерзімінде жарық көрмейтін газетті, Ағайбек Датқаев жүргізген. Ал көк киімді киіп, «4 власть»- деп жүрген, өмірі фейсбук парақшада «бомбасы» жарылмайтын Ершат Ескандировтың қандай ақпарат құралын жүргізетіні беймәлім.
Сондықтан аталған ақпарат саласының қызметкерлері болып жүрген екі азаматтың айналысатын кәсібіи жұмысын заңдылықтарын тексеруді сұранамын.
Жалпы ақпарат саласындағы ақпарат құралдары мен айналысу мүмкіндіктеріне, министрліктің комитетінен алатын күәліктерді кез келген азаматтарға бермеуді сұраймын.
Бұл бойынша ҚР Парламент мәжілісіне, өзімнің ҚР БАҚ туралы заңдарға өзгерістер еңгізу туралы ұсыныс жолдағалы отырмын. Себебі Оңтүстің оңірде, психикалық ауытқуы барлар жататын ауруханада есепте туратын азаматтарда ақпарат құралдары мен айналысқанын білемін. Олар ұялмастан газет шығарып, мекемелерді аралап өздерінің түсініксіз жұмыстарын жүргізгенін жақсы білемін.
Билік басындағылар, халықты ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. Алайда ресми ақпарат көздерін ресми түрде заңдастырып алуымыз керек деп санаймын.
Алаяқтар көбейген уақытта, ақпарат саласын атын жамылып ақша бопсалап жүрген азаматтарды құрықтаған полиция қызметкерлері мен Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденовке өз алғысымды білдіремін.
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің басшысы Сардар Әбдіжақия
Түркістан облысынан
ақпараттың жалғасы бар
суреттер ашық дерек көздерінен алынды