Депутат қамауға алынды. Бұл туралы заңгер Сардар Әбдіжақия мәлімдеді.
Ордабасы аудандық маслихатының депутаты, Құрымбек Асан Ақылбекұлы масаң күйде көлік басқарғаны үшін жеті жылға көлік басқару құқықынан айырылып, 15 тәулік мерзімге қамауға алынды.
«AMANAT» партиясының депутаты А.А.. Құрымбек өз әрекетінің құқыққа қарсы екенін білетура, саналы түрде жол беріп, әкімшілік құқық бұзушылық әрекетті қасақана жасаған.
Депутаттың, сот қаулысына апелляциялық шағым келтіру құқықы бар. Алайда өз айыбын мойындаған депутат сот қаулысына шағым беруге ұялатын шығар. Енді депутат А.А.Құрымбек апелляциялық шағым бермесе 7 жыл көлік құралын басқара алмайды.
«AMANAT» партиясының «аманатын», халықтың сенімін ақтай алмаған депутат деп осындай азаматтарды айтатын шығар. Дегенмен мұндай халық қалаулысын партиядан қуып, мандатынан айыру керек деп санаймын Ерлан Кошанов
Мандатты мен мансаптыға да заң жүретінін көрсеткен Ордабасы Полиция мен Ордабасы аудандың сотының судьясы Ж.К. Кенжебаеваға өз алғысымды білдіремін.
Сардар Әбдіжақия
Түркістан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *