Леңгір қаласында түнгі уақытта жергілікті тұрғынның үйіне заңсыз кіріп, оған дене жарақатын келтіріп, ұялы телефонын алып кеткен екі күдікті ұсталды.
Қылмыстың ізін суытпай ашу мақсатында криминалдық полицияның тәжірибелі қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін жүргізді. Нәтижесінде күдіктілердің жеке басы анықталып, орналасқан жерлері белгіленді.

Төлеби ауданының екі тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қылмысқа қарсы күресте басты ұстанымымыз азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заң бұзған әрбір адамның жауапкершіліктен жалтармауын қамтамасыз ету. Тергеу барысы менің бақылауымда.
Түркістан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *