АҚШ-тың Миссури штатында арнайы жасақтың операциясы кезінде күтпеген оқиға болды. Бұл туралы Астарлы ақиқат ақпарат агенттігі жариялады «Та Кун Пао»басылымына сілтеме жасап.
Өткен айдың 21-і күні түскі сағат 13:00 шамасында Миссури штатының Хантсвилл қаласында полиция мен SWAT арнайы жасағы күдіктіні ұстау операциясын жүргізген.
Кемінде 10 құқық қорғау қызметкері ғимараттың екінші қабатындағы дәлізге жиналып, пәтерге кіруге дайындалып тұрған сәтте, ескі ғимараттың конструкциясы олардың салмағына шыдамай, дәліздің едені опырылып түскен. Арнайы жасақ қызметкерлері жабдықтарымен бірге төменге құлап, кейбірін ағаш пен құрылыс материалдары басып қалған.
Оқиға салдарынан 9 құқық қорғау қызметкері құлап, оның 7-еуі жарақат алған. Олардың арасында АҚШ маршалдары қызметінің 4 өкілі, Солтүстік Миссури есірткіге қарсы арнайы тобының 2 мүшесі және Рэндолф округі шерифінің 1 орынбасары бар. Кейбір қызметкерлердің сүйектері сынғанымен, барлығының жағдайы тұрақты, өмірлеріне қауіп жоқ.
Ал ұсталуға тиіс күдікті сол уақытта үйде болмаған. Кейін полиция операцияны қайта ұйымдастырып, оны сол күні басқа жерде қолға түсірген.
АҚШ
![]()
