20 тамызда Перудің Аякучо аймағында қуатты жер сілкінісі тіркелді. Перу Геофизикалық институты оның магнитудасын 7,2, ал АҚШ Геологиялық қызметі 6,7 деп бағалады. Жерасты дүмпулері елдің бірнеше өңірінде, соның ішінде Лимада да сезілген.
Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар жоқ, алайда бірнеше адам жеңіл жарақат алып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға зақым келген. Цунами қаупі жарияланған жоқ.
#Перу #ЖерСілкінісі #Аякучо
![]()
