Screenshot

Архивті су басты ма, әлде ақиқаттық ізін сі шайды ма? Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жаориялады заңгер Сардар Әбдіжақияның жазбасына сілтеме жасап.

Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығы Н.Т. есімді азаматтың 1979 жылдан диспансерлік есепте тұрғанын, диагнозын, тіпті  дәрігер А.А-ның 2010 жылы «жақсарумен» есептен шығарғанын нақты жазып көрсетеді. Дегенмен дәрігер А.А. 2006 жылы өмірден өтіп кеткен.

Бірақ ең қызығы-  осының бәрін растайтын амбулаториялық медициналық карта табылмайды. Кейін Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасынан тағы бір жауап келеді. Ресми жазып жолдаған жауабында, 2023 жылы архив бөлмесін «ыстық су басқан» екен.

Су басты делік. Бірақ құжаттар қайда?

«Су тиген құжаттың бәрі із-түзсіз жоғалып кете ме? Қандай құжаттар бүлінді? Олардың тізімі жасалды ма? Н.Турмановтың картасы сол тізімде бар ма? Құжаттарды қалпына келтіруге әрекет жасалды ма? Егер жойылса — жою актісі қайда?»- деген сұрақтарға жауап алу әзірге мүмкін емес.

Ең бастысы, медициналық карта жоқ болса, 1979 жылдан есепте тұрғаны, диагнозы және 2010 жылы есептен шығарылғаны қай құжаттан алынды?

Құжат жоқ, бірақ диагноз бар.
Карта жоқ, бірақ есепке алынған жыл бар.
Архив жоқ, бірақ есептен шығарылған мерзімге дейін белгілі.

Міне, түсініксіздік осы жерде басталады.

Сондықтан Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасынан «архивті су басты» деген бір ауыз жауап емес, актіні, бүлінген құжаттардың тізімін және  азаматН.Т. туралы мәліметтердің бастапқы дереккөзін көрсетуді сұрап отырмын.

Өйткені архивті су басуы мүмкін.
Бірақ ресми деректің қайдан алынғаны туралы сұрақты сумен шайып кету мүмкін емес.

заңгер Сардар Әбдіжақия

Қызылорда облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *