Жеті айда әрең қозғалған қылмыстық іс қалайша қысқарып кетті? Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Жамбыл облысы, Жуалы ауданында орналасқан мектепте заңсыз мұғалімдерден жиналған қаражаттар бойынша ақпараттарға сәйкес 7 ай арыздар жазылып, әрең дегенде ҚР ҚК-нің 362- бабы бойынша қылмыстық іс ашылған. Алайда іске қатысты көптеген дәлелдемелер ұсынғанммен, аталған қылмыстық іс, қылмыс құрамы жоқ дәлелдер жеткіліксіз деп қысқарып кеткен. Аталған қылмыстық іс соттың құзырына бару үшін антикорға қандай дәлелдемелер керек болғаны бізге белгісіз. Алайда ҚР ҚПК-нің 24- бабында сот, прокурор, тергеушi, анықтаушы iстi дұрыс шешуге қажеттi және жеткiлiктi мән-жайларды жан-жақты, толық және объективтi зерттеу үшiн заңда көзделген барлық шараларды қолдануға мiндеттi- делінген. Бірақ бұл баптағы міндеттемелер орындалған жоқ деп жазады Сардар Әбдіжақия өзінің фейсбук парақшасында.
Ендеше қандай дәлелдемелер ұсынылғанын тізіп көрсетейік, бәлкім бас прокурордың құлағына жетіп, Жамбыл облысындағы антикордың қылмыстық іс қайта жаңғырып соттың құзырана барып қалар. Бұл қылмыстық іске бірқаншама делелді құжаттар ұсынылғаны мен неге тоқтатып тастағаны өздеріне ғана белгілі. Дегенмен қылмыстық іске қатысты;
— Мектеп директорына ақша берген азаматшаның Жуалы аудандық білім бөлімі мамандарына айтылған үнжазбаны жолданған, ол үнжазба бойынша ешқандай сараптамалар жасалмаған, аталған дерек бойынша нақты шешім қабылданбаған.(қараусыз қалған) Үнжазбада, аты-жөні бізге белгісіз болған мұғалім, мектептің директорына 0,5 ставкаға 1 500 000 бергенін, тестке 600 000 мың сұрағанын, сертификат 25 000 тұратыны және заңсыз көптеген бұйрықтар шығарылғаны туралы сұмдық сөздер жазылған. Біздің агенттікте техникалық жағдаймен әзірге үнжазбаны жариялау мүмкін болмай тұр.
— Мектепте СЭСке мұғалімдердің 4050 теңгеден жинағаны туралы түбіртектермен (чектер) дәлелді құжаттар ұсынылған. Кейіннен аталған СЭСке жиналған ақшаны қалай жабамыз деп, мектеп директоры мұғалімдеріне жиналыс жасап, жиналыс барысында мұғалімдерге наминклатурадан тексеремін, тауып аламын деп, мұғалімдерге дауыс көтеріп, СЭСке қатысты түсініктеме жазуын талап етіп, «бес-он теңгесін беріп жауып тастауға болатын іс едіғой»- деген сөздермен жұмыскерлерін ақша беруге итермелеген сөздерін үнжазба арқылы белгілі болған толық нұсқадаға дәлелдемелерде антикорға ұсынылған.
— Басында мектептің жөндеу жұмысына ақша жиналмады деп жауап берген білім бөлімінің жалған мәліметі әшкере болып, антикор тергеушісі қайта-қайта ҚР ҚПК-нің 181- бабы 5- бөлігімен ең соңғы жасалынған анықтау жұмыстары негізінде мектепте мектептің жөндеу жұмыстарына ақша жиналғаны расталған. Бірақ аталған үнжазбаларға ешқандай сот сараптамалары жасалмаған.
— Мектеп директоры мектепке келісім комиссиясы бекіткен адамды емес сырттан басқа адамдарды жұмысқа қабылдап, өзінің лауазымын асыра пайданланғаны туралы, жұмысқа қабылдауда жасанды анықтама жасап, жалған қол қойғанын, 30.12.2024ж. сағат 18:4 №93 тексеру нәтижелері туралы актіні, Жамбыл облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті анықтаған құжаттарда ұсынылған.
Бірқаншама ұсынылған дәлелді құжаттарды жеткізіліксіз деген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті аталған қылмыстық істі тоқтатып тастаған.
Естеріңізге сала кетейік біздің агенттік Сардар Әбдіжақия антикордың өтірігін жайып салды. атты мақалада жариялаған болатын.
Жамбыл облысы
жалғасы бар