Заңгер-кеңесші Сардар Әбдіжақия 2025 жылдың 27 сәуірінде, Жамбыл облысы, Жуалы ауданында орналасқан Қ. Сағындықов мектебінің мектеп директоры Жанерке Пернешованың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа бейне үндеу жариялап, өзінің басшылық ететін мектептің мұғалімі мектепке ішімдік ішіп келгені және оның мүддесін қорғап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалидің атынан қоңырау соққаны туралы ьейнежазба жариялағаны туралы жариялаған. Аталған бейнежазба Сардар Әбдіжақияның фейсбук әлеуметтік желісінде  жарияланған сәтте, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтар туралы ескертеді»- деп,  бейнедегі алаяқ агенттік басшысының атынан қоңырау шалғанын, аталған ақпарат жұмысқа алынғанын жазып қалдырған.

Бұл ақпаратқа сәйкес біздің агенттік,Бейнедегі алаяқ агенттік басшысының атынан қоңырау шалған. -деп ресми мәліметке сүйеніп ақпарат жариялады. Кейіннен ол адам кім екені және қандай шара көрілгені туралы ресми сұраныс хат жолданды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл  агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы жаңадан генерал шенін таққан Ернар Макажановтың орынбасары,  Д. Омаржанов, шынында да ұялмай-қызармай, ресми түрде, «Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты мен Ж.С. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабы 2-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды»- деп жауап жолдаған.

Қара қылды қақ жаратын Атырау облысы, Атырау қаласы әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі  сотының судьясы А.У.Ергазиева, Істің бұл тұрғысында, іс бойынша жәбірленуші ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Асхат Жұмағали болуы тиіс. Алайда, инспектор Ж.Сейткереевке қатысты ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырған кезде жәбірленуші ретінде Ж.Пернешеваны негізсіз таныған-деп қаулы қабылдаған.

Жауапкер Ж.С., Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 73-3-бабының 2-бөлігімен қозғалған іс бойынша іс жүргізу әкімшілік құқық бұзушылық
құрамы болмауына байланысты тоқтатылсын- деп қаулы шығарған. Ал жаңадан генерал шенін таққан Ернар Макажановтың орынбасары Д. Омаржанов, Антикор төрағасы атынан қоңырау соққан азаматты, ҚР-ның Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабы 2-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды деп, Республикалық «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігін ресми түде алдап соққан.
Бір қызығы, Республикадағы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров, Асхат Жұмағалидің атынан жарияланған ақпаратқа, қоңырау соққан адамдды сот актісі қабылданбай тұрып, өзінің мәлімдемесінде аталған азамат алаяқ екенін ашық жазып қалдырған. Дегенмен ол азамат алаяқтық бабымен сараланаған, сотталмаған. Жамбыл облысының инспекторы А. Салауаттың, қоңырау соққан Ж.С. есімді азаматына әкімшілік хаттама толтырып, оны  ӘҚБтК-нің 73-3-бабының 2-бөлігімен жауапқа тартуға тырысқан, алаяқтық бабымен емес!
Біліп жүрген жақсы, алаяқты іс-әрекет, ҚР ҚК-нің 190- бабымен сараланады. Ал әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері алаяқтық деп сараланбайды. Бұл жағдайда сот актісі қабылданбай жатып, ол заңды күшіне енбеген адамдарды алдын ала алаяқ деп айтуға, айыптауға болмайды. Өздеріңіз көріп жүрсіздер, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми жарияланған әр ақпараты астында, «Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі»- деп жазып, ескертіп жатады. Алайда өздеріне келгенде мынандай масқара жағдайлар орын алып жатқанын өздері айнаға қарап бір көріп қойса деймін-   деп әңгімесін аяқтады Сардар Әбдіжақия.
«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *