Қазығұрт ауданындағы қоқыстарға байланысты айыппұл салынды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
«Астарлы ақиқат»ақпарат агенттігі, сәуір айында, Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылдық округіндегі күл-қоқыс тастайтын ортадағы қоқыстардың шашылып жатқаны туралы құзырлы органдарға арыз жолдаған болатын.
Түркістан облысы бойынша экология департаменті Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауылдық округіне қарасты қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны бойынша, Департамент тарапынан, 2025 жылдың 04 сәуірдегі №27 тексеруді тағайындау АКТ-мен «Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-не тиесілі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына (бұдан әрі – ҚТҚ полигоны) экологиялық талаптардың сақталуына жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижесінде, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонына қабылдауға тыйым салынатын қалдықтардың жинақталу салдарынан ҚР Экология кодексінің 351 бабы 1 және 2 тармақтарының талаптары бұзылғандығы анықталды.
Аталған заң бұзушылық деректеріне сәйкес, «Қазығұрт аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» КММ-не ҚР ӘҚБтК-нің 344 бап 3 тармағымен қысқартылған тәртіппен 196600 тенге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, полигон үшін қолайсыз қалдықтарды қабылдамау және тұрақты сұрыптау жұмыстарын жүргізу жөнінде бұзушылықтарды жою нұсқамасы берілгендігіні туралы Департамент басшысының міндетін атқарушы Б.Бейсенбаев ресми мәлімдеді.
Түркістан облысы