Сотталушының келіншегі Президентке үндеу жасады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

Шымкент қаласының тұрғыны, сотталушы Ербол Серкуловтың келіншегі Қамаш Жазира,  үндеуде күйеуіне араша түсіп Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады.

Жекеше талап арызбен құзырлы органдарға арызданған кәсіпкер, Ербол Серкуловты, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi аса ірі көлемде иемденiп алу немесе талан-таражға салу бабы бойынша айыпталып, қылмыстық іс сотқа жолданған.

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы А.К.Оракбаеваның өндірісінде, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (әрі қарай – ҚК-нің) 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен айыпталған Серкулов Ербол Муратгалиевичке қатысты іс қайта тергеуге жолданды.

Айыпқа сәйкес, Е.М.Серкулов 2021 жылғы 15 шілдеде бұйрықпен «Корпорация АҚ ордасы» ЖШС-не құрылыс жобасының басшысы қызметіне тағайындалған. 2022 жылғы 23 маусымда бұйрықпен Алматы қаласы, Бостандық ауданы, «Кейінге қалдырылмайтын балаларға арналған медициналық көмек көрсету орталығы» мекемесінің және Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Орбита-3 мөлтек ауданы, «№145 жалпы білім беретін» мектептің күрделі құрылыс жұмыстарына жетекшілік ету жүктелген.

 

Ал, сарапшылар және аудитор өздерінің қорытындыларында 197 900 000 теңгенің екі нысан бойынша анықталғанын, әр нысан бойынша соманы анықтау туралы сұрақ қойылмағанын және бүгінгі таңда нысан бойынша әрқайсысының шығынын анықтау, яғни айыптың шегін анықтау сотпен мүмкін емес екені сотта анықталды.

Сонымен бірге, аталған акті жәбірленушінің өзі аудитормен жеке келісім-шарт негізінде жасалған акті болып табылады. Әрі қарай, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында сарапшының қорытындысы осы актіге негізделіп жасалған. Дегенмен, электрондық қылмыстық істе сарапшыға ұсынған құжаттар тергеушімен алынбаған, алу туралы қаулысы мен хаттамасы түзілмеген, оларға қарап-тексеру жүргізілмеген және сарапшыға ұсыну туралы хаты тіркелмеген. Сараптама жасалғаннан кейін де тергеушімен ұсынылған құжаттар алынбаған, заттай дәлелдеме ретінде танылмаған, іске сканерленген нұсқасы тіркелмеген. Бүгінгі таңда, аталған құжаттардың тағдыры сотқа белгісіз.

Алайда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында үшінші тарап «Тарлан Строй Инжиниринг» ЖШС-нен іске маңызды, жұмыстардың орындалғаны туралы актілері және өзге құжаттар, осы мекеменің келісімшарттарға қатысты тұлғалардан жауаптары алынбаған.

Айыпталған   Е.М.Серкуловтың     М.М.Б-пен   бірге Н.Е.Ж-ның атына ашылған «Kausar» жеке кәсіпкерлігіне 2022 жылғы 5 тамызы мен 2022 жылғы 15 қараша аралығында жалпы 73 550 000 теңгені, Г.М.А-ның атына ашылған «Gulden» жеке кәсіпкерлігіне 2022 жылғы 3 қазанда 36 000 000 теңге, С.Н.К-ның атына ашылған «Warranty» жеке кәсіпкерлігіне 2022 жылғы 17 қараша мен 2023 жылғы 5 қаңтар аралығында жалпы 66 600 000 теңге «Жедел Құрылыс» ЖШС-і арқылы ақшаларды аударып жымқырғанын көрсеткен. Аталған жеке кәсіпкер иелері сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында куәлар қатарында жауапталып, аударылған ақшаларды жұмысшылардың жалақысына, өзге көрінбейтін шығындарға жұмсағандарын көрсеткен. Тергеумен осы бөлігінде куәлардың уәждері тексерілмеген.

Аталған мән-жайлар іс бойынша сот тергеуінің толықтығын және жан-жақтылығын қамтамасыз етуге кедергі келтіреді-деп,  Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы А.К.Оракбаева, ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен айыпталған Серкулов Ербол Муратгалиевичке қатысты электронды қылмыстық ісі Шымкент қаласының Абай аудандық прокурорына қайтарылсын- деп қаулы қабылдады.

Е.М.Серкуловқа қатысты қолданылған «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы осы қаулы заңды күшіне енген соң «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасына өзгертілсін және кепіл ретінде 120 000 000 (бір жүз жиырма миллион) теңгені құрайтын тыйым салынатын жылжымайтын мүлік кепіл ретінде айқындалуын қаперден тыс қалдырмады.

Ал сотталушы Серкулов Ербол Муратгалиевичтің келіншегі Қамаш Жазира, прокурорлардың әділ тергеу жүргізуіне сенімсіздік танытып, ҚР ҚПК-нің 24- бабында көрсетілген істiң мән-жайларын жан-жақты, толық және объективтi зерттеу жүргізілмегеніне көз жеткізген соң, тергеуші біржақтама тергеу арекетін жүргізгендіктен күйеуімді 7 ай заңсыз, ешбір дәлелсіз ұстап отыр.  Қазіргі таңда дәлелдердің болмауына байланысты сот кепіл түрінде бұлтартпау шарасына өзгертуге ұйғарым шығарған- дейді Қамаш Жазира

 

Сардар Әбдіжақия

Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *