Антикор төрағасы атынан қоңырау шалған адам анықталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
«Астарлы ақиқат» ақпараат агенттігі 28 сәуір күні Бейнедегі алаяқ агенттік басшысының атынан қоңырау шалған. атты ақпарат жариялаған болатын. Аталған ақпаратқа байланысты, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі,  Антикор Төрағасы ретінде ұсынып, әртүрлі мәселелерді шешу үшін оның атынан қоңырау шалатын алаяқтық жағдайлары жиілеп кетткенін ескере отырып, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Төрағасы Асхат Жұмағали ретінде өзін таныстыра отырып, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Жуалы ауданы мектептерінің бірінің директорына жеке мәселелерін заңсыз шешу мақсатында қоңырау шалғанын жағдай тіркелгенін және ол адам анықталғанын, оған қатысты заңда көзделген шаралар қабылдануда екенін ресми мәлімдеді.
Осыған байланысты, Facebook және Instagram, WhatsApp, Telegram және т.б.) мессенджерлерінде жалған аккаунттар жасайтындығын, сондай-ақ Агенттіктің басшылығы мен лауазымды тұлғалары аттарын жамыла отырып азаматтарды алдау және алаяқтық жолмен пайда табу үшін телефон қоңырауларын жасайтындығын еске саламыз.
Мұндай алаяқтық қоңырауларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауға шақырамыз.
Осындай қоңыраулар мен хабарламалар алған жағдайда Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз- деп мәлімдеді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *