Белгісіз ер адамның әйелдің бетіне бұрыш баллонын шашқан бейнежазба бойынша тексеру жүргізілді. Анықталғандай, оқиға 24 желтоқсанда Павлодар қаласы Торайғыров көшесінде болған.
https://www.youtube.com/shorts/joxzZERewrM
Audi автокөлігінің жүргізушісі жанжал кезінде қала тұрғынының бетіне бұрышты баллон шашқан. Полиция автокөліктің жүргізушісін анықтады, ол 32 жастағы павлодарлық болып шықты. Осы факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жүргізушіге қатысты әкімшілік материал қарау үшін Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотына жіберіледі.
Павлодар облысы
![]()
