Алматы облысы полицейлер кішкентай жолаушысы бар жүргізушіге көмектесті. Кішкентай баламен ауруханадан келе жатқан жүргізушінің көлігінде аяқасты бензин таусылып қалған. Полиция көлікте бензин таусылғанын және көлік салонында кішкентай баланың бар екенін анықтап, бірден көмек қолын созған. Жүргізушінің айтуынша, олардың көмек сұраған өтініштеріне ешкім жауап қатпаған. Айта кету керек, дәл сол күні облыстың автожолдарында ауа райының қолайсыздығына байланысты — көктайғақ пен боран орын алды.

«Жол полициясы қызметкерлеріне (борттық нөмірі #023, көлік нөмірі 0086) көрсеткен көмектері үшін алғыс айтқымыз келеді. Бүгін 10.01.2022 ж., олар бізге кішкентай баламен ауруханадан қайтып келе жатқан кезде, жолда қалмауға көмектесті. Бізге көмек көрсеткендеріңіз үшін өте ризамыз, әсіресе осындай қорқынышты ауа-райында», — деп атап өтілген алғыс білдірілген хатта.

Сонымен қатар, хат авторы тәртіп сақшыларына қиын қызметте сәттілік тіледі.

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *