Алматы полициясы көлік ұрыларын ұстады- деп мәлімдеді, Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Арыстангани Заппаров.
Жаңа жыл қарсаңында олар, Алматы қаласы Медеу ауданының тұрғынына тиесілі 70-ші үлгідегі «Тойота Камри» көлігін ұрлап кеткен.

«Біздің бөлімше мен арнайы жасақ қызметкерлері Алматыда, сондай-ақ Шығыс Қазақстанда арнайы іс-шараны жүргізді. Риддер қаласында негізгі айыпталушы – 1981 жылы туған Е.есімді азамат және оның сыбайластарының бірі ұсталды, ал тағы екі күдікті Алматыда қолға түсті. Қаскөйлердің ұрланған көлікті Өскеменде жасырғандығы анықталды. Біздің мәлімет бойынша, олар қолайлы сәтті күтіп, көлікті сол жерде сатқысы келген. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі бойынша тергелуде», — деді, Медеу аудандық полиция Басқармасының бастығы полиция полковнигі Ілияс Өмірсеріков.

Айтпақшы, қылмыстың бастамашысы бұрын мүліктік қылмыстар – ұрлық пен тонау жасағаны үшін үш рет сотты болған.

Алматы қаласы
![]()
