Алматы полициясы спорт залдарында ұрлық жасап жүрген ұрыны ұстады. Бұл туралы алматы қаласы полиция департаменті мәлімдеді.

Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері бірнеше ұрлық жасаған күдіктіні ұстады.
Ол тек спорт залдарында бөтеннің мүлкін ұрлауға маманданған.
«Келушінің атын жамылған жас жігіт мекемелердің киім ауыстыратын бөлмелеріне кіріп, адамдар қалдырып кеткен құнды заттар мен ақшаны ұрлаған. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол 22 жаста, жергілікті тұрғын. Қазіргі уақытта тергеу бөлімі ұсталған азаматтың осыған ұқсас алты эпизодқа қатыстылығын анықтады. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелді», — деді, Наурызбай аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Данияр Меңдебаев.
Алматы қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *