Алматы полициясы пәтер алаяғын әшкереледі. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Кем дегенде 5 адам 22 жастағы жігіттің құрбаны болды.
«2001 жылы туған И.есімді азамат алдаудың қарапайым тізбегін ойлап тапқан. Жас жігіт бірнеше күнге пәтер жалдап, оны бірден суретке түсіріп, ұзақ уақытқа пәтерді жалға беретіні туралы интернетке хабарландыру жариялады. Әлеуетті клиенттерге мәміле жасамай, төлемді алдын ала бір айға ала отырып, пәтерді «жалға берген». Осы қылмыстарды жасаған күдікті ұсталды. Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу барысында оның бес бірдей эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта басқа да жәбірленушілер анықталып, қосымша тергеу шаралары жүргізілуде», — деді, Жетісу аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Жәнібек Шынасылов.
Алматы қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *