Тағы бір шетелдік қалта ұрлығы үшін ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті мәлімдеді.
Қалта ұрлығын жасағаны үшін Өзбекстан азаматы ұсталды.
«39 жастағы шетел азаматы смартфон ұрлады деген күдікке ілінді. Д.есімді азаматтың 38-бағыттағы қоғамдық көлікте ұрлық жасағаны белгілі болды. Ол жолаушы күртесінің қалтасынан «Самсунг» маркалы ұялы телефонын суырып алған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Айғақты зат – ұялы телефон тәркіленді және бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша тіркелген қылмыстық іске қосылды. Келтірілген материалдық шығын 120 мың теңгені құрады. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
Айтпақшы, күдікті бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталған болатын.
Алматы қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *