Жамбылда «Полиция барысы» анықталды. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бүгін «Динамо» спорт кешенінде Жамбыл облысы полиция қызметкерлерінің арасындағы қазақ күресінен «Полиция барысы» турнирi өз мәресіне жетті. Жарыс қортындысында сөз алған облыстық Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин қатысушыларды құттықтап, алдағы үлкен сайысқа сәттілік тіледі.

— «Полиция Барысы» — қызметкерлерді рухани нығайтып, ұлттық спортымызды дәріптейтін ауқымды іс-шара. Біздің қызметкерлеріміз қашанда лайықты өнер көрсетіп, үлкен додаларда жүлделі орындардан көрініп жүр. Сондықтан, алдағы уақытта да тек жеңіс тұғырынан көрінетінімізге сенімдімін,-деді полиция генерал-майоры. Екi күнге жалғасқан жекпе-жектi Бейбіт Ыстыбаев, Ақжүрек Таңатаров сынды чемпиондармен бiрге, Қазақстан Республикасы қазақ күресiнен еңбек сіңірген белгілі жаттықтырушылар тамашалап, төрелiк жасады. Нәтижесінде турнирдiң қола жүлдеci Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерi Галиакпаров Бахытқа бұйырса, күміс жүлдесiн осы жасақтың тағы бiр қызметкерi Әділбеков Бегімхан иеленді.

Ал 90-ға жуық полиция палуаны бақ сынаған күресте Оқу-жаттығу взводынан қатысқан Махмутов Ерлан «Полиция барысы» атанып, алтын белбеудi белiне байлады. Сондай-ақ, үздік өнер көрсеткен жарысқа қатысушылар салмақ дәрежесі және командалық есеп бойынша да марапатталды. Сонымен, командалық есепте жүлделі үшінші орын ПД Патрульдік полиция батальоны командасына бұйырса, екінші орынға Қордай аудандық полиция бөлімінің командасы лайық деп танылды. Ал бірінші орынды Тараз қаласы Полиция басқармасының командасы жеңіп алды. Жеңiмпаздар ПД дипломдары, медальдерi, кубоктарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жамбыл облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *