Жамбыл облысы ПД Кадр саясаты басқармасының бастығы Ержан Егембердиев және ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрдалы Шералин қаңтар оқиғалары кезінде қызметтік борышын атқаруда ерлікпен қаза тапқан полиция капитаны Рахат Сланбековтің отбасында болып қайтты.

Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзиннің және Жамбыл облыстық ардагерлер ұйымының бастамасымен батырдың анасы Ұлбосын Жапароваға Сарыағаш қаласында орналасқан ҚР ІІМ-нің «Арман» сауықтыру санаторийіне жолдама табыс етілді.
— Батыр полиция қызметкерлердің ерліктері әрқашан бүгінгі полицейлер үшін патриоттық рух пен батылдықтың үлгісі болып тұрады. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін ең қымбаты -өз өмірін құрбан еткендерді ешқашан ұмытпаймыз. Біздің жүрегімізде олар мәңгілікке нағыз батыр болып қала береді, — деді ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полиция полковнигі Тұрдалы Шералин.
Ұлбосын Көпбосынқызы полиция қызметкерлерінің көрсеткен қамқорлығына, сондай-ақ қаза тапқан полицейлердің отбасы мүшелерін назардан тыс қалдырмағаны үшін басшылыққа алғысын білдірді.
![]()
