Елордадағы түнгі клубтардың бірінде мефедрон сатылған. Күдіктінің жастар жиі уақыт өткізетін ойын-сауық мекемесінде жұмыс істегені анықталды. Ол тұрақты тұтынушылары бар клубта мефедрон сатуды ұйымдастырған.

Астана қаласы прокуратурасының өкімінің аясында және оның келісуімен Астана қаласы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 22 жастағы елорда тұрғыны ұсталды.

Жеке тінту барысында жігіттің шұлығынан аса ірі мөлшердегі мефедрон есірткі заты тәркіленді. Ол Астана қаласы ПД-нің УҰИ-на қамалды.

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ол мүлкі тәркіленіп, 6 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Астана қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *