Ағымдағы жылдың 25 наурызында Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау тобының полиция инспекторлары мен Байзақ АПБ қызметкерлері бірігіп Талас ауданында рейдтік іс-шара жүргізді.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлерімен “Toyota RAV4” маркалы автокөлігі тоқтатылып, тінту жүргізу кезінде көліктің жүк салғышынан 12 балық және балық аулауға тыйым салынған шанышқы (острога) құралы анықталды. Жалпы ауланған балықтың салмағы- 47,5 кг.
Аталған дерекке қатысты Тараз қаласының 37-жастағы тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.
Жамбыл облысы
![]()
