Таразда 12 жасар бала әкесінің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында жасы кәмелетке толмаған баланың Subaru автокөлігін басқарған бейнежазбасы анықталды.
https://www.youtube.com/shorts/0tK-gIErFEc
Автокөлік иесі анықталды.
Көлік иесінің айтуынша, баласы көлікті рұқсатсыз айдап кеткен. Оның бейнежазбаны әлеуметтік желіге салғаны туралы білмеген.
ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК айыппұл салынды.
Көлік арнайы айыптұраққа қойылды.
![]()
