Алматыда алаяқтық тізбегінің негізгі буыны ұсталды- деп мәлімдеді Алматы қаласы полиция департаменті.
Міндеті алданған зейнеткерлерден ақша жинап, содан кейін мекенжайға жөнелту болған дроперді Алматының киберполициясы ұстады.
Бұл — 2004 жылы туған Б.есімді азамат, жергілікті тұрғын.
Ұсталғанға дейін аз уақыт бұрын ер адам 79 жастағы әжейден 1 миллион 200 мың теңгені алып кеткен. Ол бұл сома қызына жол-көлік оқиғасынан кейін ота жасауына қажет деп алдаған.
«Ал «дроперді» ұстаған кезде ол тағы екі алаяқтық тізбегін жүзеге асырып жатты: қаскөй «жұмыс беруші» көрсеткен мекенжайларға барып, сол жерден зейнеткерлердің жиғандарын алып кету керек болды. Осылайша, біз кем дегенде екі алаяқтықтың алдын алдық. Жедел іс-шараның осы кезеңінде болжамды «тапсырыс беруші» анықталып, оны ұстау шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, Б.есімді азамат жасаған басқа да ықтимал қылмыстық эпизодтар анықталуда. Ол қамауға алынды», — деді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
Полицияда сонымен қатар, Алматыда IT-технологиялар саласындағы қылмыстарды, соның ішінде интернет-алаяқтықты ашуға және тергеуге арналған «Киберпол» бөлімшесінің жұмысының пилоттық нұсқасының іске қосылғаны туралы хабарлады.
Арнайы құрылған қызметке тәжірибелі жедел уәкілдер, тергеушілер мен криминалисттер кірді.
Сонымен қатар, Алматы қалалық ПД-де, қарттарды алдау деректері жиілеп кеткендігін еске салды.
Осыған байланысты тәртіп сақшылары қауіпсіздік шараларын ескертеді:
1. Жақын туыстарыңыз бен достарыңызды, әсіресе, қарт адамдарды мұндай алаяқтық туралы ескертіңіз;
2. Егер сізге полиция қызметкері қоңырау шалса, полиция қызметкерлерінің ақша сұрауға құқығы жоқ екенін есте сақтаңыз. Әңгімелесуді бастамас бұрын сұхбаттасушы өзін таныстыруы керек (аты-жөні, қызметі, лауазымы, жұмыс орны). Бұл ақпаратты «102» арнасында тексеруіңіз керек.
3. Бейтаныс адам телефон соқса, оның сізге нені және қалай айтқысы келетініне назар аударыңыз. Алаяқтар, әдетте, асықтыруға, шатастыруға, ықтимал зардаптармен қорқытуға тырысады.

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *