Кәсіби мамандар Каspi bank келушілерін кепілге алған басқыншымен келіссөздер жүргізуде
Болжам бойынша ол 7 адамды кепілде ұстап отыр.
Оқиға орнында «Арлан» арнайы жасағының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Әскери қызметшілер арнайы операцияға тартылған жоқ.
Азаматтарды ресми көздерден алынған ақпаратқа сүйенуге, БАҚ өкілдерін тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырамыз.
Тәртіп сақшылары елорда тұрғындарынан сабыр сақтауды және құзыретті органдарға өз жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беруді сұрайды.
Астана қаласы
![]()
