Қарағандыда жалған техникалық байқаудан өту құжаттарын жасаған сақтандыру компаниясының менеджері ұсталды.

ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне қаладағы сақтандыру компанияларының бірінде жалған техникалық байқаудан өту құжаттарын сататындығы туралы ақпарат түсті. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында сақтандыру компанияларының бірінің 35 жастағы менеджері ұсталды.

 

 

Ұсталған азаматшадан айғақ заттар, соның ішінде автокөліктердің техникалық байқаудан өткендігі туралы жалған 24 мөр басылған бланк тәркіленді.

Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты мекен-жайынан РФ сақтандыру компаниясы деген мөр, РФ сақтандыру компаниясының 33 бланкі, әртүрлі көліктерге қатысты 30 дана диагностикалық карта, пневматикалық тапанша және екі пышақ тәркіленді.

ҚР ҚК 385-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?