Қостанай облысының полицейлері есірткі қойып кетушіні ірі партиямен ұстады.  «Қарасора-2023» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Рудный қаласының 23 жастағы тұрғынын ұстады. Ол есірткіні жасырын қойып кету арқылы таратқан.

Күдіктіден «PvP» есірткісінің 96 байламы тәркіленді. Сондай-ақ гаражды тексеру кезінде тағы 65 синтетикалық есірткі тәркіленді. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 50 грамнан асады. Ол 10-15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қойып кетуші есірткіні Telegram канал арқылы таратып, Рудныйға ғана емес, Лисаковск қаласына да қойып кетіп отырған.

Қостанай облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *