Әлеуметтік желілерде біресе прокурордың баласы, біресе полиция қызметкері- деп көрсетіліп тараған бей ресми ақпараттардың кейпкері «Romantic» гүл дүкеніндегі қайшы алып сатушыға оқталып, ұлттық алауыздық тудырғысы келіп «өзбек» деп дау шығарған азматтың бейне жазбасы таралып жатыр. Алайда аталған бейнежазбадағы кейіпкердің кім екенін айтпай отырған Шымкент қаласы полиция департаментінің жариялаған ресми ақпараты төмендегі деп хабарлапты:
«Әлеуметтік желіде «Romantic» гүл дүкеніндегі оқиғаға прокурорлардың қатысы бар деген шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап жатыр.Осыған байланысты біз екі құқық бұзушылық жайты болғанын ресми түрде мәлімдейміз.
Бірінші жағдайда, бейнежазбада көрсетілгендей, ақ футболка киген адам үстелден қайшыны алып, гүл сатушыға қарай бет алады. Бұл жайт 8 тамызда болды. Ешқандай арыз түскен жоқ, құқық бұзушылық әлеуметтік желілерді мониторинг жасау барысында анықталды. Полиция қызметкерлері бұзақыны анықтап, Тұран АПБ-на жеткізді. Азамат К. 1990 жылы туған Түркістан облысының тумасы болып шықты. Шымкент қаласында тұрады. Оның әкесі 1952 жылы туған, зейнеткер. Бәйдібек ауданында тұрады. Ер адам сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК 434-бабына сәйкес «ұсақ бұзақылық» 7 тәулікке қамауға алынды.Екінші бейнеде басқа азамат бейнеленген. Атап айтқанда, 1989 жылы туған азамат Б. әкесі жоқ, анасы зейнеткер. Ағымдағы жылдың 8 мамырында ер адам флористті қорлап, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен. Тұран АПБ-ның 102 арнасына жанжал туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар келді. Алайда, дүкен иесі жергілікті тұрғын мән-жайды анықтау барысында ешкімге шағымы жоқтығын айтып, арыз жазудан бас тартты. Осыған байланысты, сіздерді тек ресми дереккөздерге сенуге шақырамыз»
Алайда polisia.kz аталған ақпарат бойынша видеоны екіге ажыратып алып, ақ футболка мен қара футболкадағы көріністің екі бөлек ресми жауабын мәлімдеп, аталған қара футболкадағы азамат ағымдағы жылдың 19 мамырында отбасылық себептерге байланысты өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған Қаратау АПБ-ның бұрынғы қызметкері екені анықталған деп мәлімдепті:
«Екінші бейнежазбада басқа 1989 жылы туған Б. есімді азамат бейнеленген. Әкесі жоқ, анасы зейнеткер.
Ағымдағы жылдың 8 мамырында ер адам флористті қорлап, дүкеннен гүл шоғын алып кеткен.
Тұран АПБ-ның 102 арнасына жанжал туралы қоңырау түскен. Оқиға орнына учаскелік инспекторлар барған. Алайда дүкен иесі мән-жайды нақтылау барысында ешкімге шағымы жоқтығын айтып, арыз жазудан бас тартқан.
Бұл жайтқа қатысты Тұран АПБ-да ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен «Жәбiрленушiнiң өмiрiне н/е денсаулығына қауiптi емес күш қолданып тонау» сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сондай-ақ істің ақ-қарасын ажырату кезінде қара футболка киген азамат ағымдағы жылдың 19 мамырында отбасылық себептерге байланысты өз өтінішімен ішкі істер органдарынан босатылған Қаратау АПБ-ның бұрынғы қызметкері екені анықталды»
Шымкент қаласы полиция департаменті экс- полиция қызметкері болған азаматты неге растамағаны және қылмыстық іс қозғалғаны туралы неге ресми мәлімдеме жарияламағаны әзірге құпия болы отыр.
(жалғасы бар)
Бейнежазбалар әлеуметтік желіден алынды.
![]()

