Интимдік фотосы үшін семейлік тұрғыннан бір миллион теңге бопсалаған.
Абай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығының тұрғынын ұстады. Ол шілде айының ортасынан бастап танысының интимдік фотоларын таратамын деп, 1 млн теңге бопсалап келген.
Әсет Шахантаев — Абай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқарма бастығының орынбасары
Тергеу әрекеттері барысында 150 000 теңге тәркіленді.
Күдіктінің әрекеттері 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейтін ҚР ҚК 1-бөлігінің 194-бабы «Бопсалау» бойынша сараланады.
???? Әсет Шахантаев — Абай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқарма бастығының орынбасары
![]()
