Алматы тұрғыны шетелдіктерге Қазақстан азаматтығын алып беруге уәде еткен. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Арыстангани Заппаров мәлімдеді.
Сонымен қатар, Наурызбай аудандық полиция Басқармасының хабарламасынан белгілі болғандай, күдікті несие алуға көмектесетініне уәде берген.
Өз қызметі үшін күдікті «клиенттерден» 300 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін сыйақы алған.
«Қазіргі уақытта 1990 жылы туған А.есімді азаматқа қатысты біздің бөлімшеге 4 адам ресми арызбен жүгінген. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, қаскөйдің басқа эпизодтарға қатысы бар болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз, егер оны таныған жағдайда азаматтарды, келесі телефон нөмірлеріне хабарласуларын сұраймыз: 8-778-622-02-19 және 8-747-699-70 -02», — деді, Наурызбай аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Мұхамедәлі Сейсенұлы.
ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды.
ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.
![]()
