Хромтауда полицей тұрғын үйдің 5-ші қабатынан секірмек болған әйелді құтқарды

6 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында 102 арнасына белгісіз әйелдің бесінші қабаттағы терезеден секіргелі жатқаны туралы хабар түсті.

Оқиға орнына тез арада кезекшілікке шыққан учаскелік полиция инспекторлары жетті.

Үш учаскелік полиция инспекторы ұзақ ойланбастан шатырға көтеріліп, әйелмен әңгімелесіп, оны сабырға шақырды. Ал әйел жылап, өзін жайына қалдыруды сұраған.

Осы сәтте полиция капитаны Райымбек Оңғарбаев өз өмірін қатерге тігіп, шатырдан балконға секіріп, әйелді құтқарып қалды.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ақтөбе облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *