5 қазан күні сағат 14:40 шамасында Кеген ауданы Саты а/о аумағында, «Қайыңды-Саты» таулы автожолының 9 км-да 47 жастағы автобус жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, 1997 жылғы жүргізушінің басқаруындағы «УАЗ» автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Бауыржан Аленов мәлімдеді.
Аталған дерек ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Кеген ауданы ПБ-да тіркелді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 36 жастағы жолаушы оқиға орнында дене жарақаты салдарынан қаза тапты. Сонымен қатар, түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға 6 адам жеткізілді.
Қазіргі уақытта осы жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайларын объективті зерттеуге бағытталған сараптама тағайындаумен қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Автобус жүргізушісі Кеген ауданы ПБ УҰИ-ға қамаққа алынды. Істі тергеу барысын мен бақылауға алдым.
Алматы облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *