Балам жансақтау бөлімінде кісенделіп, үш адамнан тұратын күзет конвойы, үстінен теміртор қойылып,  дәрігерлер науқасқа қарауына кедергі жасаған болса да,  құзырлы органдар, марқұмның анасына «балаң аса қауіпті қылмыскер»- деп балаға ем қабылдау уақтысында да бостандық бермепті.

Шымкент қаласының полиция департаменті тергеу (жедел тергеу) тобының жетекшісі полиция майоры Н. Рахымовқа, «Т.О. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бас дәрігері:

— Науқас Бейбарыс Сулейменнің жағдайы өте ауыр деп бағаланғанып, есі кома I, сұрақтарға және сыртқы тітіркенулерге жауап бермейді, емін жансақтау бөлімшесінде алып жатыр.

Науқас жансақтау бөлімінде емін алып жатқанына байланысты күзет конвойы (3 адам) темір тор емдомды жасауға, аппараттарды науқасқа қосуға, медициналық персоналдардың жұмысына кедергі жасауда- деп анықтамада жазған екен.

 

Марқұм  Бейбарыс Сулейменнің анасы Гульшат Байназарова, баласының 7 айдан бері уақытша қамауда отырып, қамаудан түрмеге емес, табытқа жайғастырылып, кейіннен жер қойнауына табыстадық дейді.

 

Менің балам азапталып өлді деген марқұмның анасы, мен арызданып, баламның мәйітін қайта қаздырып, эксгумация жасатып, Астана, Алматы немесе мүлдем басқа қалалардың тәуелсіз сараптамаларына өзім алып барамын, мен Шымкенттің сараптамасына сенбеймін дейді, қабырғасы қайысып, қара жамылған ана. Балам деп боздаған ананың сенбеуіне де себеп бар сияқты. Сот  медициналық-сараптамасын жасаған сарапшы, қорытындысын бермей тұрып еңбек демалысына кеткен көрінеді.

Өйткені уақытша ұстау изоляторынан жансақтау бөліміне барып, үйіне мәйіті келген Бейарыс Сулейменнің денесінде көгерген іздер бар.

Тергеу кезінде уақытша қамауға алынған марқұм Бейбарыс Сулейменнің анасының айтуынша, екі бүйрегі жұмыс жасамай істен шығып, әбден қиналып  өмірден өткен.  «Тергеушілермен прокурорға бірқаншама барып, баламның инсулинге тәуелді екенін, оны үй қамаққа ауыстыруын, екпесін уақтылы беруін сұрадым, алайда олар біздің жанайқайымызға құлақ аспады»—дейді марқұмның анасы.

Шымкент қаласында, Шымкент қаласы полиция департаментіндегі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен 7 ай бұрын , ҚР ҚК-нің  307-бабы яғни  «Заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру» және   262-бабы,  «ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу»- деген күдікпен ұсталған 19 азамат, тергеу сотының  санкциясы мен уақытша ұстау изоляторына тоғытылған екен.

Тергеу кезінде тергеуші денсаулығына байланысты мән бермегенбе, әлде  біле тұрып өз лауазымын асыр пайдаланғысы келгенбе, уақытша ұстау изоляторында отырған күдіктілердің бірі, 29 жастағы Бейбарыс Сулейменнің  денсаулығы сыр беріп о дүниеге аттанған.

Енді егетін инсулинмен инелерін, марқұмның аналарына беріп жіберіпті. Инелермен егетін екпелер енді қажет емес деп анасы көзжасын көл етіп отыр. Жеті ай үйде емес абақтыда отырған баласын сағынып, мауқымын басатын баласы жоқ, екпелері енді кімге керек…?

Менің балам изоляторда жатқан уақытта, қорғаушысы болып алдына бардым. Балам өзіне бір жарым тәулік бойы инсулин бермегенін, бір рет жарамдылық мерзімі өтіп кеткен инсулин бергенін, және оны жарамсыз болғандықтан баласы өзіне инсулинді екпегенін айтты. Менің балам тәулігіне 5 мезгіл өзіне инсулин егетін- дейді өз сұхбатында марқұмның анасы Гульшат Байназарова.

 

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігіне сұхбат берді.  Сілтемеден толығырақ:

Қылмыскер не күдікті қандай құқық бұзса, тіпті сот үкімі мен айыпты деп танылған жағдайда да, біздің мемлекетімізде адамды азаптау, өлтіру немесе өлуіне жол беру деген ешқандай кодексте бап қарастырылмаған- шымкенттік погондылар ұмытқан сияқты. Енді әділдікті Шымкенттен емес елордадан іздейміз деді марқұмның жақындары.

29 жастағы марқұмның артында әйелі 3 перзенті қалды.

ps: естеріңізде болса 2021 жылы Шымкент қаласындағы Шымкент қаласы полиция департаментінің ғимаратында қостанайлық жігіт  полицейлердің азаптауынан соң жан тапсырған еді.

(жалғасы бар)

Сардар Әбдіжақия

Шымкент қаласы

 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?