Атырау қаласының №2 сотында азаптау және азаптауға жәрдемдесу айыбымен 5 полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қарау барысында, үш полиция қызметкері А., М. және Ж. қылмысты ашу және полиция бөліміне жеткізілген азамат К.-дан мойындау айғақтарын алу мақсатында ұрып-соғу және тұншықтыру арқылы жәбірленушіге тән азабын келтіргені және сол қызметтік кабинетте болған С. және Т. азаптауды тоқтатпай, әрекетсіздік таныту арқылы азаптауға жәрдемдескені өз дәлелін тапты.
Судья,  сотталушылар  А.,М.,Ж.-ны  ҚР ҚК-тің 146-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы мен азаптау бойынша, С., Т.-ны ҚР ҚК-тің 28-бабының 5-бөлігі, 146-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы яғни азаптауға жәрдемдесу бойынша кінәлі деп танып, оларға құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан 3 жыл мерзімге айыра отырып,  3 жылдан 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
Сардар Әбдіжақия
Атырау облысы
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?