Ресей азаматы алаяқтық әрекеті үшін бас бостандығынан айырылғаны туралы сот үкімін, Ақмола соттары жариялады.
24 жастағы Ресей азаматы «Х.» әлеуметтік желіде Қазақстанда ақша табу мүмкіндігі туралы хабарландыру бойынша тергеумен анықталмаған адамдармен хат алмасып, бөтеннің мүлкін ұрлауға негізделген заңсыз табысқа келісіп, қылмыстық жоспарға сәйкес, белгісіз адамдар жәбірленушінің телефонына қоңырау шалып, өзін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, оның банктік шоттары мен қауіпсіздік кодтарын алған, ал «Х.» ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырған. Бұл туралы Көкшетау қалалық сотында өз дәлелін тауып, белгісіз адамдардың нұсқауы бойынша «Х.» Қазақстанға келіп, әр түрлі қалаларда болып, Көкшетау қаласы тұрғынының банктік карталарынан 12 млн. теңгеден астам ақшаны басқа адамдардың деректемелеріне аударған және де ол үшін сыйақы алған.  Аталған азамат ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы «қастандық жолмен адамдар тобындағы ірі мөлшерде алаяқтық» жасады деген айыппен кінәсі өз дәлелін тапты деп санап Көкшетау қаласының судьясы Ақмарал Жұмабекова,  Ресей азаматы «Х.»-ға 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.
Көкшетау қаласының судьясы Ақмарал Жұмабекова, біздің зайырлы мемлекетімізде заңмен тәртіп баршаға бірдей екенін көрсетіп, өз еліміздің азаматтарын ғана емес, өзге елдің азаматы болса да, Қазақстан Республикасының заңдары, өз аумағында үстемділігін дәлелдеп берді деп  санаймын.
Сардар Әбдіжақия
Ақмола облысы
(Үкім заңды күшіне енген жоқ)

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?