Алматы қалалық сотында Алматы қ. бойынша Сот әкімшілігі департаментінің, аудандық және оларға теңестірілген қалалық соттардың мамандарына сот ісін жүргізуде заң терминдерін және мемлекеттік тілді қолдану бойынша семинар ұйымдастырылды.БұлтуралыАлматықалалықсотыныңбаспасөзқызметіжариялады.
Іс-шараны ашқан Алматы қ. бойынша Сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары Абай Жарылқасын сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің маңыздылығын атап өтті. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңға сәйкес құжат айналымы саласындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар мемлекеттік тіл туралы заңнаманың нормаларын қатаң сақтауы тиіс. Қазақстан халықтарының тілдерін құрметтей отырып, мемлекеттік тілді дамыту, оның кәсіби қызметтегі сұранысын арттыру — еліміздің әрбір тұрғынының борышы.
Күнделікті жұмыста, іскерлік құжат айналымында және өтініш берушілермен хат алмасуда мемлекеттік тілді дұрыс әрі сауатты қолдану — мемлекеттік қызметкерлердің міндеті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының сессиясында сөйлеген сөзінде, біздің саясатымыздың стратегиялық бағыты барлық азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру мәселесі болып қала беретінін айтты.
Қазақстан Үкіметі бекіткен Мемлекеттік тілді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес, қазақ тілі мемлекеттік қызмет саласының негізгі жұмыс тіліне айналады. Құжаттың мәтінінде: «Тұжырымдаманы іске асыру барысында мемлекеттік қызметкерлерді қазақ тілін білуге міндеттейтін талаптар әзірленетін болады. Бұл ретте мемлекеттік тіл мемлекеттің қызметтің негізгі жұмыс тіліне айналады» делінген.
Заң пәндерінің оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, “Құқықтық сауаттылықты насихаттауға арналған азаматтық құқықтарды қорғау орталығы” ОО оқу орталығының басшысы Жұлдыз Ибрагимова семинарда мемлекеттік тілді қолдануға қатысты ережелерді іске асырудың нақты мәселелері бойынша сөз сөйледі.
Семинарға қатысушылар заңнама нормаларын сақтауға, мемлекеттік тілде қызметтік хат алмасуды жүргізуге байланысты мәселелерді, сондай-ақ заң терминдерді дұрыс қолдану мысалдарын талдады.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?