Дау партисипативтік рәсім тәртібімен шешілді. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Жалпы мемлекетіміздегі сот жүйесінде «медиация» және «партисипативтік» келісім қолға алынғаны баршамызға белгілі.
Партисипативтік келісім дегеніміз – екі тараптың да адвокаттарының міндетті түрде қатысуымен және даудың шешілуіне ықпал етуімен, тараптар арасында келіссөздер жүргізудің нәтижесінде қол жеткізілген келісім болып табылады. Партисипативтік келісім судьяның қатысуынсыз жүргізіледі. Оған тараптар да, екі тараптың адвокаттары да қол қоюы тиіс болған келісім.
Ал Жамбыл облысы, Шу ауданында сот жүйесіндегі «партисипативтік» келісім арқылы тараптардың дауы шешіліп, соттағы азаматтың іс өндірісі тоқтатылды. Бұл келісім арқылы шешілген даулар тек тараптармен адвокаттардың ғана емес, тіпті мемлекетіміздіңде жетістігі деп санаймын.
  Шу аудандық сотының судьясы Мырзалипов Бақытжан, талап қоюшықоюшы Д. жауапкер П.-ға шаруа қожалығы мүшелігінен жер телімдерін бөлу арқылы шығару және жер телімдерінің құқық белгілейтін құжаттарының түпнұсқасын беруді міндеттеу туралы талап қою арызы бойынша азаматтық ісі қараған.
Сотпен анықталғандай, талап қоюшы 2000 жылы өзі мен анасына тиесілі жер үлестерімен шаруа қожалығының мүшелігіне кірген. Екі жылдан бері шаруа қожалығының мүшелігінен шыға алмай жүргендіктен сотқа жүгінген.
Сот отырысында әр тараптың мүдделерін қорғаған Жамбыл облысы адвокаттар алқасының  білікті адвокаттары көмегімен істі партисипативтік рәсім арқылы тараптардың татуласуына қол жеткізілді.
Келісімнің талаптары бойынша жауапкер талап қоюшыны жер телімін қайтарумен шаруа қожалығының мүшелігінен шығаруға және жер телімдерінің құқық белгілейтін құжаттарының түпнұсқасын беруге міндеттенді. Талап қоюшы өз кезегінде келісімнің шарттарын қабылдады.
Сот ұйғарымымен келісім бекітіліп, азаматтық іс өндірісімен тоқтатылды, мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды.
Ұйғарымы заңды күшіне енді.
Сардар Әбдіжақия
Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?