Алматыдағы хостелден шыққан өрт туралы Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті ресми мәлімдеме жасады.

30 қараша күні сағат 05:33-те Алматы қаласы Әди Шәріпов көшесіндегі өрт туралы хабарлама келіп түсті.

Бірінші өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына 7 минут ішінде келді. Өрт сөндірушілер келген кезде үш қабатты тұрғын үйдің жертөлесі жанып жатты. Тұрғын үйдің 1-қабаты мен  жертөле үй-жайы   хостел ретінде қайта жабдықталған. Өрттің жалпы  алдын ала ауданы 30 шаршы метрді құрайды.

Қабылданған шаралармен өрт сағат 06:22-де сөндірілді. Өртті барлау және сөндіру барысында алдын ала 13 адам қаза тапты, жеке бас мәліметтері анықталуда. Алдын ала мәлімет бойынша улы газбен улану салдарынан қайтыс болған.

Алдын ала мәлімет бойынша хостелде 72 адам болған. Оның 59-ы өздігінен эвакуацияланды. Өрт болған жерге Алматы қаласы ТЖД 46 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт пен адамдардың қайтыс болу себебі анықталуда. Алматы қаласы Алмалы ауданы Қабанбай батыр көшесі 123 үй Ади Шәріпов көшесінің қиылысы 86 мекенжайындағы хостелдегі өртке байланысты 8 727 278 20 83 және 8 727 278 20 84 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді.

Хостелдегі өрттің шығу себептерін тексеру үшін министр генерал-майор Сырым Шәріпхановтың басшылығымен ТЖМ-ның жедел тобы оқиға орнына аттанды.

Алдын ала мәліметтер бойынша өрт ошағы жертөленің дәлізінде болған. Өрт орнында Алматы қаласы ТЖД өрт сынау зертханасының анықтаушылары мен мамандары жұмыс істеуде.

Бұл объект бір жарым ай бұрын хостел ретінде қайта жабдықталған. Хостелдің ауданы 457 шаршы метрді құрайды. Алматы қаласы ТЖД өрттің осы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркелді.

Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?