Елордада көлік көп жүретін жолда үйректер құтқарылды

Үйректерді Тұран даңғылы мен Қайым Мұхамедханов көшесінің қиылысында автопатруль аңғарған. Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Абзал Өкен мен Айбек Байбатыров балапандары бар үйректі құтқару үшін көлік ағынын тоқтатуға мәжбүр болған.

Соның өзінде жолға шығып кеткен балапандарды ұстау оңайға соқпады. Оларды құтқару үшін өтіп бара жатқан ер адам көмектесіп патрульдік көлікке салған. Полицейлер үйрек пен балапандарын алып, Сарбұлақ су арнасына жіберді.

«Жануарлар мен құстар әртүрлі себептермен жолға түсуі мүмкін. Мұндай жағдайларда жылдамдықты азайтып, кенеттен маневр жасаудан аулақ болыңыз. Сізге және басқа да жол қозғалысы қатысушылары үшін қауіпсіз екеніне көз жеткізіңіз, содан кейін «102» арнасына хабарлаңыз», — деп кеңес береді полицейлер.

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *