Әлеуметтік желіде пойыз тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соққан видео анықталды. Бұл 2023 жылдың күзінде, қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметшілер үйге оралған кезде орын алған. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады ҚР Ішкі істер минситрлігіне сілтеме жасап.
Осы факт бойынша 2024 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 440-бабы 1-бөлігі “Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу” бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Барлық қатысушы, атап айтқанда, куәгер, жәбірленуші және күдіктілер анықталды.
Күдіктілерді ұстауға бағытталған шаралар қабылданып, бүгінгі таңда, қылмыстық іс шеңберінде жедел-тергеу іс-шаралары нәтижесінде Ұлттық ұланның мерзімді қызметінің бұрынғы әскери қызметшісін ұрып-соғуға қатысы бар адамдардың орналасқан жерлері анықталды.
Жәбірленушіге дене жарақатын келтірген екі күдікті, яғни оның бұрынғы қызметтестері тұрғылықты жері бойынша бір тәулік ішінде Астана қаласында ұсталды. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу аясында барлық күдіктілерден жауап алынды.
Олардың әрекеттеріне, соның ішінде бейнетүсірілім жасаған адамға да құқықтық баға беріледі.
Тергеу әрекеттері жалғасуда.
Тергеу барысы Ішкі істер министрі Ержан Саденовтың жеке бақылауында.