16 жастағы шымкенттік есірткі жарнамалағаны үшін алты жылға дейін сотталуы мүмкін Жасөспірімді жедел уәкілдер қылмыс үстінде ұстады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады, Шымкент қаласы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оның заңға қайшы жұмысты интернеттен тапқаны және маусым айынан бері мегаполис аумағында есірткі заттарын жарнамалаумен айналысқаны анықталды.
Шымкент тұрғынынан өзі дайындаған жарнамалық жазулары бар парақшалар тәркіленді. Полиция есірткіні насихаттау және жарнамалау дерегі бойынша қылмыстық істі тіркеді. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Заңнамаға сәйкес, аталған қылмыс үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Шымкент қаласы