Алматыда әйел адам есірткіні жарнамалағаны үшін ұсталды. Оны Алматы қаласы Әуезов ауданының полицейлері әшкереледі. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақиқат ақапарат агенттігі жариялады.
«Күдіктінің тұрғылықты жерінен есірткі жарнамалаушының құрал-жабдықтары: жапсырмалар, трафареттер, маңдайшалар, әйелдің «жұмыс берушісімен» хат-хабар алмасқан ұялы телефоны табылды және тәркіленді. Ол ұсталып, қамауға алынды. Күдіктінің есірткіге тәуелді екендігі белгілі болды. Ол бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Есірткілерді жарнамалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», — деді, Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Данияр Меңдебаев.
Қаланың Бостандық ауданында тәртіп сақшылары тағы бір «есірткі жарнамалаушыны» ұстады.
«Участок» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында учаскелік инспекторлар Розыбакиев көшесіндегі үйлердің бірінде есірткіні жарнамалаумен айналысып, ақша тапқан 44 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ғимараттың қасбеттеріне есірткі сату ресурстарының мекенжайлары жазылған жазуларды салған. Өздеріңіз білесіздер, мұндай үгіт-насихат қылмыс болып саналады. Қаскөй ұсталды және қамауға алынды. Жақын арада қылмыстық іс материалдары сотқа жолданатын болады», — деді, Бостандық аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Дидар Аханов.
Алматы қаласы