Полицейлер, кризистық орталығындағы балаларды қуантты. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
«Жаңа жыл қарсаңында Алматы облысының полиция қызметкерлері меценаттардың көмегімен, кризистық орталығындағы балаларға мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Бұл балалар өмірде қиын жағдайларды бастан кешіріп, отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болған, сондықтан ерекше қамқорлық пен қолдауға мұқтаж»- деп жазды өзінің фейсбук парақшасында Алматы облысының полиция департаменті басшысы Мейрам Абикеев.
Полиция департаменті басшысының айтуынша кішкентай қонақтар үшін нағыз мереке дайындалды: жарқын аниматорлар, қызықты ойындар, көңілді байқаулар және көптен күткен сыйлықтар. Ұйымдастырушылар балалардың уақытша болсын қиындықтарын ұмытып, Жаңа жылдың бақыт, жылулық пен сиқырлы атмосферасын сезінуі үшін бар күшін салды.
Полиция қызметкерлері өздерінің басты мақсаты тек мерекелік көңіл-күй сыйлау ғана емес, сонымен қатар балаларға олардың жалғыз емес екенін, кез келген сәтте көмекке келуге дайын адамдар бар екенін еске салу екенін атап өтті.
Алматы облысы