Полицейлердің жылдам әрекеті бір жастағы баланы аман алып қалды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Полиция қызметкерлері Азамат Мұхамбетов пен Наурызбек Бектасовқа алаңдаулы ер адам көмекке жүгінді. Оның көлігінде жұбайы мен қызуы жоғары бір жасар қызы бар екенін айтты. Көктайғақтың салдарынан олар ауруханаға тез жете алмаған.

Тәртіп сақшылары дереу анасын және баласын қызметтік көлікке отырғызып, қызды шұғыл түрде дәрігерлерге жеткізді.
Кішкентай балаға қажетті медициналық көмек көрсетілді, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Орал қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *