Жоғалып кеткен 47 бас  жылқы судың астынан табылды. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаменті мәлімдеді.
Қарағанды облысында қайғылы оқиға орын алды: еркін жайылымда жүрген 47 бас жылқы дала көлінде суға батып кетті.
Қарқаралы ауданының полициясына бір ауылдың тұрғындары өздеріне тиесілі малдың жоғалғаны туралы арызданды. Жоғалған жылқыларды іздеуге полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындардан құралған еріктілер жұмылдырылды.
Шамамен 10 іздестіру тобы құрылып, олар аумақты көліктермен және атпен аралады. Іздеу шаралары Қарқаралы ауданы ғана емес, облыстың көршілес аудандары мен Павлодар облысының Баянауыл ауданына да жүргізілді.
Іздеу жұмыстарының нәтижесінде жоғалған жылқылардың жұмбағы шешілді. Дала көлдерінің бірінен 47 жылқының өлексесі табылды. Жануарлардың иелері өз малдарын таныды.
Алдын ала болжам бойынша, түнде далада жүрген табын мұз басқан көлге түсіп кеткен. Мұздың жұқалығы салдарынан жануарлар суға құлаған.
Қарағанды облысының полиция департаменті ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне малды бақылауда ұстаудың маңыздылығын ескертеді. Малдың өздігінен жайылуы қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін: жануарлар ұрлықтың, жол-көлік және басқа да оқиғалардың құрбаны болуы ықтимал.
Қарағанды облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *