Журналистің құқықтары мен міндеттері туралы баршаның білгені жөн. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Ақпарат ғасыры деп ақпараттар соғысы белең алған кезеңде өмір сүріп жатырмыз десем қате болмас. Әлеуметтік желілердегі бейресми таралатын ақпараттарда шек жоқ. Қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екенін ажырату тым қиын. Жалған парақшалар ашып арнайы, арам пиғылмен қоғамға ірткі салатын, әр түрлі ақпарат тарататындарды қоспағанда, белсендісі бар, бәлеқоры бар, бопсалаушысы бар телефон ұстаған…
Байқасаңыз журналистердіңде ішінде бастары дауға қалып сот залында, жариялаған ақпараттары үшін жауап беріп жүргені, бір қаншамасы соттатып кеткені жасырын емес.
Кейбір журналистердің негізгі сүрінетін тұстары, «жалған мәлімет» тарату, «жала жабу», «жеке өмірге қол сұғу», «қорлау» және «іскерлік беделіне нұқсан келтіру» болып табылады.
Жалған мәлімет (ақпарат) тарату ҚР ҚК-нің 274- бабы бойынша;
Жала жабу ҚР ӘҚБтК-нің 73-3 бабы бойынша;
Жеке өмірге қол сұғу (Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге хабарлар құпиясын заңсыз бұзу) ҚР ҚК-нің 149- бабы бойынша;
Қорлау ҚР ҚК-нің 131- бабы бойынша;
Іскерлік беделіне, қадір-қасиетіне нұқсан келтіру ҚР АК-нің 143- бабы бойынша жауапкершіліктерді мойнына арқалар жатқан журналистер аз емес!
Жеке басының пайдасын ойлаған кейбіреулерінің кесірінен журналист қауымына тіл тиіп, кір жағылыпта жатады. Бұл жазбам журналистерге ақыл айту деп санамаңыз. Заңгер- кеңесші ретінде өзіме көптеп келетін сұрақтарға ресми жауап бергім келді. «Журналистпін, сен БАҚ туралы заңды неге білмейсіңдер деп журналистер келіп айқай салып жүр, қаншалықты заңды екенін айтып берсеңіз?» -деп жолданған сұрақтар. Әрине орынды. Әр адам, әр қызметкер өз құқықтары мен міндеттерін білуі керек. Өкінішке орай қазіргі таңда кейбір журналистер өзінің құқықтары мен кәсібіне байланысты заңның өзгергенін де білмейді.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) туралы заң күшін жойған.
Ал журналист ақпарат жариялаудағы, өзінің кәсіби қызметінде атқаратын міндеттемелері мен олардың құқықтары туралы, ҚР Масс-медиа туралы заңының 3-тарауындағы 26- бапта толық көрсетілген:
ЖУРНАЛИСТІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
26-бап. Журналистің құқықтары мен міндеттері
1. Осы Заңда журналистің кәсіби қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар қамтамасыз етілетін оның ерекше мәртебесі танылады.2. Адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кәсіби қызметін жүзеге асыруы және бұқаралық ақпарат құралының редакциясымен еңбек қатынасында немесе өзге де шарттық қатынаста болуы кезеңінде журналист мәртебесіне ие болады.
3. Журналистiң:
1) хабарлар мен материалдарды жинауды, өңдеуді, дайындауды жүзеге асыруға, ақпаратты сұратуға, алуға және таратуға;
2) мемлекеттiк органдарға, барлық меншiк нысанындағы ұйымдарға баруына және өзiнiң қызметтік мiндеттерiн жүзеге асыруға байланысты олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық іс-шара өткiзу туралы шешiм қабылданған жағдайларды қоспағанда, өзiн аккредиттеген мемлекеттік органдар және (немесе) ұйымдар өткiзетiн барлық іс-шараларға қатысуға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған жағдайларды қоспағанда, жазбалар, оның iшiнде аудиовизуалды техника құралдарын пайдалана отырып жазбалар жүргізуге, кино- және фототүсiрілім жасауға;
4) журналист куәлігін, айырым белгісін көрсету арқылы дүлей зілзалалар ауданында, бейбіт жиналыстарда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделерді білдірудің өзге нысандары кезінде болуға;
5) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерді қоспағанда, құжаттармен және материалдармен танысуға рұқсат алуға;
6) алынатын ақпараттың анықтығын тексеруге;
7) алынған ақпараттық материалдарды тексеру кезiнде мамандарға жүгiнуге;
8 ) өзi әзірлеген хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты атын (бүркеншiк атын) көрсетiп таратуға;
9) материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейін журналистің жеке сеніміне қайшы келсе, оны өз қолын қойып жариялаудан бас тартуға;
10) авторлық құпия және ақпарат көздерінің құпиясы соттың талап етуі бойынша жария етілетін жағдайларды қоспағанда, осы құпиялар мен ақпарат көздерін сақтауға құқығы бар.
4. Журналист:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа ала отырып, өзi еңбек қатынасында немесе өзге де шарттық қатынаста тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын жүзеге асыруға;
2) таратылатын ақпараттың анықтығын тиісті жеке және (немесе) заңды тұлғаларға сұрау салулар жіберу арқылы не Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де тәсілдермен тексеру бойынша шаралар қабылдауға;
3) ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған өтініштерді қанағаттандыруға;
4) шындыққа сай келмейтiн ақпаратты таратпауға;
5) егер мәліметтер ресми хабарларда көрсетілген және (немесе) оларды жеке және (немесе) заңды тұлғаның өзі не олардың өкілдері қолжетімділігі шектелмеген дереккөздерде таратқан жағдайларды қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғадан не олардың өкілдерінен бұқаралық ақпарат құралында жеке басының, отбасылық, дәрігерлік, банктік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияларын таратуға келісімін алуға;
6) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн құрметтеуге;
7) аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілерге бару кезінде кіру режимінің және объектішілік режимнің белгіленген талаптарын сақтауға;
8 ) кәсіби әдеп (әдептік мінез-құлық) нормаларын сақтауға;
9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi орындауға мiндеттi.
ҚР Масс-медиа туралы заңының барлығын оқып, заңда көрсетілген шектеулермен мүмкіндіктерді, құқықтармен тыйымдарды білген абзал. Ал журналистің өз құқықтарын білмегені, өзінің заңсыздыққа баруы ғана емес, тіпті өзінің кәсіби жұмысындағы орындау керек болған қызметін іске асыра алмай, ақпаратқа қол жеткізе алмай қалу деректері және журналистердің құқықтары тапталып жатытын жағдайлар орын алып жатыр. Бұл туралы келесі берілетін ақпараттарымызда бөлісетін боламын.
Құрметпен заңгер-кеңесші Сардар Әбдіжақия