Оқушылар өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

 Жетісай ауданындағы  № 65 «Достық» жалпы білім беретін мектебінің 8- сынып оқушысы Б.К. есімді  мектеп оқушысы,  2025 жылы  14 наурыз күні өз-өзіне қол жұмсаған.
Алайда, жедел-жәрдеммен арпалысқан сол мектепте жұмыс жасайтын оқушы қыздың анасын, себепсіз жұмысқа келмедің деп, мектеп директоры түсініктеме сұраған.
        № 65 «Достық» жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі, сіз 2025 жылдың 14-наурыз күні II-ауысым уақтында сағат 15:00 мен 18:00 аралығында себепсіз өз жұмыс орныңызда болмадыңыз.
        Сол себепті 2025 жылдың 17,18-наурыз күндері № 65 «Достық» жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директорының атына жазбаша түсініктеме беруіңіз қажет- деп, 17- наурыз күні мектеп директоры Е. Нысанов хабарлама жолдап, хабарлама соңында Жұмыскердің түсініктеме бермеуі тәртіптік жаза қолдану үшін кедергі болмайды деп ескертпе жазып жолдаған. 
Мектеп директорының  өз мектебіндегі мектеп оқушысы өзіне қол жұмсағанын, сол қыздың анасы дәл осы мектепте жұмыс жасайтынын білмегені түсініксіз. Соқырға да белгілі шығар, баласы өзіне қол жұмсаған уақытта анасы баласының қасында болатыны. Алайда мектеп директорына белгісіз көрінеді.

Жетісай ауданы білім бөлімі тарапынан зерделеу жүргізу бойынша хат жолданған. Алынған мәлімет бойынша Жетісай ауданы білім бөлімі мектеп директоры Е. Нысанов пен мектептің кәсіби бағдар берушісі педагог О.Ж. ға қатысты алынған түсіндірмесі арқылы жауап берілгендігі, білім бөлімі тарапынан зерделеу жұмыстары өз дәрежесінде жүргізілмегені анықталған.

Арыз иесіне арызда көрсетілген мән-жайлар бойынша дәлелді құжаттарды ұсыну сұратылған. Арыз иесінің ауыл фельдшерімен ұялы телефон арқылы сөйлескен жазбасын ұсынған. Сонымен қатар, арыз иесі С.А. мектепте оқитын кәмелет жасына толмаған қызына облыс орталығынан білікті психологті жіберу бойынша өтініш жасаған.

Департамент тарапынан Түркістан облысының білім басқармасына «Департамент тарапынна Білім бөліміне Оқу-ағарту министрінің жеке тапсырмасы бойынша облысымызда орын алып жатқан резонанстық жариялымдар мен арыз-шағымның алдын алу, болдырмау бойынша тиісті жұмыстар жүргізу қажеттілігін көрсете отырып, арызда көрсетілген мәнжайларды қайта  қарауда және өз құзыреті шегінде тиісті жұмыстар жүргізбеген жауапты маманға өз құзыреті шегінде  тиісті шара қабылдап, қайта зерделеу жұмыстарын жүргізу бойынша хат жолданған.

Бүгінгі таңда, арыз иесі С.А. Департамнтке арызда көрсетілген мәнжайлар бойынша әрекет болмағандығын, мектеп жасындағы ұл-қыздарының психологиялық жағдайы, өмірге деген көзқарасы өзгеріп, қатты стреске түсіп жүргендігін қайта — қайта ескертуде деп жауап береді Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басышсы Г. Алматов

Түркістан облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Б. Зиятаев, кәмелет жасқа толмаған мектеп оқушысы Б.К. ға қатысты ҚР ҚК-нің 105- бабы 3 бөлігі мен қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп- тексеру амалдары жүрып жатқаны туралы мәлімдеген.

Жетісай ауданы, Мақталы ауылдық округі, Алмалы ауылында орналасқан №65 “Достық» жалпы білім беретін мектебінің 8- сынып оқушысы 11.02.2011ж.т. Б. К. 2025 жылғы 14 наурыз күні  өз-өзіне қол жұмсау әрекетіне барған» хабарлама хаты келіп түсті. Департамент тарапынан Қазақстан Республикасының Оқу ағарту министрлігіне жедел мәліме ретінде хабарланып, Жетісай ауданы білім бөліміне хабарлама хатында орын алған жағдай бойынша толық мәліметті а.ж 31 наурыз күніне  беру сұратылды- деп мәлімдеді департамент басшысы Г. Алматов.

2024- жылы өзіне қол жұмсаған 8- сынып оқушысы Б.К. ның туған ағасы 9- сынып оқушысы  Б.Д. өзіне қол жұмсаған болатын. Оған қатысты мектептің психологы мен тәрбие ісі жөніндегі завучқа «қатаң сөгіс», ал мектеп дироекторына «сөгіс» берілген.

Департамент тарапынан мектепке жоспардан тыс тексеру жүргізіп, С.А.-ның 3 баласы (10- сынып оқушысы Б. Д., 8- сынып оқушысы Б. К., 6- сынып оқушысы Б. Н., 7- қазаннан бері мектепке бармағандығы, мектеп тарапынан келмеген оқушыларға жиынтық бағалау жүргізбей, тоқсандық баға қойылғандығы анықталып, заң бұзушылықтарды жою бойынша нұсқама берілген.

Тексеру және сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

жалғасы бар.

Түркістан облысы

 

 

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *