Мектеп директорына қатысты сот талқылауы жүріп жатыр. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
24 ақпан 2025 жыл Шымкент қаласы Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы М.З.Абдрасилов Қазақстан Республикасының Қылмыстық
Кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен, 366-бабы 1-бөлігімен Шымкент қаласының №133 мектеп директоры болған Асель Байдосоваға, және де оны мен бірге ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен Д. У. Н.ға қатысты қылмыстық ісін қарауға көшті
Өз өндірісіндегі қылмыстық іске қатысты Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы М.З.Абдрасилов қылмыстық істі тоқтатуға негіз болатын мән-жайлар жоқ екенін айтты . Істі басты сот талқылауында қарауға кедергі келтіретін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік Кодексінің талаптары бұзылмағанын анықтады және айыпталушы А.Байдосоваға «үйқамақ», У.Н.ге «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы дұрыс қолданылған, оны өзгертуге негіз жоқ деп қаулы қабылдады.
«Айыбы» жоқ мектеп директорының- деп әлеуметтік желіде жарияланып кеңінен талқыға түскен бұл қылмыстық іске енді судья нүктесін қояды. Біз ақпаратты бақылаймыз.
Сот талқылау басталды.
Сот үкімі жарияланып, ол заңды күшіне енгенге дейін айыпталушылар кінәсіз деп есептеледі.
Сардар Әбдіжақия
Шымкент қаласы