Алаяқтық жасады деп айыпталған экс- судьяның тағы қандай істері болған? Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.

Алматы қаласының Медеу аудандық сотының судьясы К.А.Ариновтың төрағалығында, Медеу аудандық сотының судьясы болған  Жолманова Светлана Сатбайқызына және К.Д.Ш.-ға  қатысты, ҚР ҚК-нің 190- бабы 4-бөлігі 2- тармағымен айып тағылған қылмыстық іс соттың  өндірісінде.  Сотталушы Светлана Жолмановаға қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы өзгеріссіз сот актісі қабылданғаға дейін сақталатын болды.

Естеріңізде болса Алматы қаласының Медеу аудандық сотының судьясы Жолманова Светлана Сатбайқызы 2021 жылы алаяқтық жасады деп ақпарат тарап аталған іс сотқа жетпей тоқтатылған болатын.

Кейіннен 2024 жылы қазан айында полиция Светлана Жолманованы ұстап, тергеу әрекеттері бойынша жауап ала бастаған.

Дегенмен бұл ақшалар туралы ақпараттар бекер шықпағаны анық. Себебі 2024 жылы 27 наурызда, Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Г.Р.Ажибаева төрағалығында, Г- ның арызы негізінде қарыз ақша туралы шағымы қаралып, 2020 жылы 28 қыркүйекте  Светлана Жолманова, арызданушы Г.-дан 2020 жылдың 28 желтоқсанына дейін қайтарамын деген тіл хатпен 100 000 АҚШ долларын  (сол кездегі курспен 45 763 000 тенге) алғаны туралы іс қаралып,  арызданушы Г. ның арызы қанағаттандырылып,  Светлана Жолмановадан Г.-ның пайдасына 45 763 000 (қырық бес миллион жеті жүз алпыс үш мың) теңге,  жұмсалған  шығындар бойынша 240 000 (екі жүз қырық мың) теңге және төленген 457 630(төрт елу жеті мың алты жүз отыз теңге) баж салығын төлеуді міндеттеу туралы шешім қабылданған. 

 

Оны мен тоқтамай, 2024 жылы 10 сәуірде Светлана Жолмановаға қарсы қарыз ақшаны өндіру туралы К.-ның арызы негізінде, Алматы қаласы Медеу аудандық сотында, судья М.А.Джанбаевтың өндірісінде, Светлана Жолманова тіл хатпен алған  338 320 400 (үш жүз отыз сегіз миллион үш жүз жиырма мың төрт жүз теңге)  қарыз ақшасын өндіру туралы істі қараған. Судья М.А. Джанбаев, шешімі мен арызданушы  К.ның пайдасына 338 320 400 (үш жүз отыз сегіз миллион үш жүз жиырма мың төрт жүз теңге) сот шығындарына 2 000 000 (екі миллион) баж салығы 3 383 204 (үш миллион үш жүз сексен үш мың екі жүз төрт теңге) өндіру туралы шешіңм қабылданған. 

 

Ал  2024 жылдың 10 мамырында, арызданушы О-ның арызы негізінде, Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Г.Ж.Ажибаеваның өндірісінде 2 000 000 (екі миллион) теңге ақшаны өндіру туралы іс қаралған. Судья Г.Ж.Ажибаева қабылдаған шешіммен арызданушы О.-ның пайдасына жауапкер Светлана Жолмановадан 2 000 000 (екі миллион) теңге өндіру туралы арыз қанағаттандырылған.

 

Бұл қаражаттар бойынша экс-судья С. Жолманованың қарыз ақшалар алып уақтылы қайтармағаны туралы бізге белгілі болған істер. Белгісіз қанша қарызы бар екені әзірге беймәлім. Бізге мәлім болғаны қазіргі таңда бұл сотталушы Светлана Жолманова алаяқтық жасаған деп күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторында отыр. Ол әділдік іздеген кейпінде өзі жұмыс жасаған соттағы басшысын айыптап, тіпті шашын алып тастаған.

Қазіргі таңда  ҚР ҚК-нің 190- бабы 4-бөлігі 2- тармағымен айыппен күдікке ілінген Светлана Жолмановаға қатысты   қылмыстық іс  №2  Медеу аудандық сотында судья  К.А.Ариновтың өндірісінде    2025 жылдың 20 наурызы күні сағат 15:00 де бірінші тыңдалым болатын болып қаулы  қабылданған.

 

Сардар Әбдіжақия

Алматы қаласы

 

 

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *